«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Абай облысының Көкпекті аудандық мәслихаты аудандық. мәслихаты сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардан ұсыныстар болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын басқа қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды
Саяси партиялар, басқа қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптасатын комиссиядан жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 30 қыркүйектен 12 қазанды қоса алғанда мерзімге дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтерді;
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар ұсыну туралы шешімінен үзінді;
3) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.
Сайлау комиссияларының құрамдарына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштің нысандары мәслихаттың сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат тұрған әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруы тиіс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында қарастырылған сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның еңбеккерлері болмауы тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар (ата-аналары, балалары, асырап алушылары (қыз асырап алушылары), асырап алған балалары (қыздары), туған және туған емес ағалары мен әпкелері, аталары, әжелері, немерелері) немесе ері (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз нысанда ұсынылатын барлық құжаттар қол қойылып, мөрмен расталуы тиіс және орындалған күні, орындаушы туралы белгі тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетіліп ұсынылуы тиіс.
Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 12 қазанды қоса алғанда мерзімге дейін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Көкпекті аудандық мәслихаты
Сарманов Талғат Манафұлы – Көкпекті аудандық мәслихатының .төрағасы
Мәслихаттың орналасқан жері: Көкпекті ауылы, Шериаздан к-сі, 44 «А».
Жауапты адам - Фахрутдинова Нұргүл Базарқызы, қалааралық телефон коды (872348), қызметтік 2-13-03, ұялы 87771872452 телефон, факс 2-12-02 нөмірлері, электрондық почта мекен-жайы [email protected]
№ р/б |
сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері |
Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны |
1 |
2 |
3 |
4 |
Учаскелік сайлау комиссиялары - 6 | |||
1. |
379 |
Ажа ауылы,к-сі 1, 8 ғимарат Абай облысы білім басқармасының Көкпекті ауданы білім бөлімінің "Романовка негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
1 |
2. |
390 |
Шұғылбай ауылы, Ш.Уәлиханов к-сі, 1 Абай облысы білім басқармасының Көкпекті ауданы білім бөлімінің "І.Жансүгіров атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
1 |
3. |
391 |
Мелитополь ауылы, к-сі н/ж бұрынғы медициналық пункт |
1 |
4. |
395 |
Мамай ауылы, к-сі 1, ғимарат 2 Абай облысы білім басқармасының Көкпекті ауданы білім бөлімінің "Амангелді атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
1 |
5. |
396 |
Көкжайық ауылы, М.Ауэзов к-сі,43 ауылдық клуб |
1 |
6. |
401 |
Тассай ауылы, М.Төлегенов к-сі,62 ауылдық клуб |
1 |
Округтік сайлау комиссиялары-11 | |||
1. |
1 |
Көкпекті ауылы, Абылайхан көшесі, 46-үй, «Көкпекті орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
1 |
2. |
5 |
Үлкенбөкен ауылы, Болғанбаев көшесі, 3-үй, ауылдық клубтың ғимараты. |
1 |
3 |
6 |
Преображенка ауылы, Заречная көшесі, н/ж, мәдениет үйінің ғимараты. |
4 |
4 |
7 |
Теректі ауылы, Мұқағали Мақатаев көшесі, № 1, «Қ.Аухадиев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
1 |
5 |
8 |
Үлгілімалшы ауылы, Жамбыл көшесі, № 17, ауылдық клубтың ғимараты |
1 |
6 |
9 |
Көкжайық ауылы, Әуезов көшесі № 43, ауылдық клубтың ғимараты. |
2 |
7 |
10 |
Тассай ауылы, М.Төлегенов көшесі, № 62, ауылдық клубтың ғимараты |
1 |
Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихаты





