Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті·Жаңалықтар мұрағаты
1 / 2
«Орал «Зенит» зауыты» АҚ-да болған жазатайым оқиғадан кейінМемлекеттік еңбек инспекциясы комитетініңБатыс Қазақстан облысы бойыншадепартаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы кәсіпорынға барды. Бояу жұмыстарын орындау кезінде жұмыскер құрылыс мінбесінен құлап, жарақат алған. Оқиғаның мән-жайлары мен себептері арнайы тергеп-тексеру барысында анықталуда.
Кәсіпорынға бару аясында еңбек қауіпсіздігі және осындай оқиғалардың алдын алу мәселелері бойынша жедел кеңес өткізілді.
Биіктіктегі жұмыстар мұқият дайындықты, жарамды қорғаныш құралдарын және жұмыстардың қауіпсіз орындалуын тұрақты бақылауды талап етеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






