27 қазанда Қарағанды облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне арналған отырыс өтті

    Жиын Қарағанды облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі К. Бекімованың төрағалығымен өтті.

    Отырыс барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, қызметтік әдеп қағидаттары, мемлекеттік қызметтегі тәртіп пен мінез-құлық мәдениетіне қатысты негізгі мәселелер қаралды.

    Сондай-ақ Қарағанды облысы әкімі аппаратының регламентін сақтау мәселесіне, оның ішінде белгіленген жұмыс уақыты режимін (сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін) қатаң ұстануға ерекше назар аударылды.

    Қатысушыларға лауазымдық міндеттеріне жауапкершілікпен қараудың, кәсіби әдеп нормаларын сақтаудың және мемлекеттік қызметтің жоғары мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы еске салынды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" жаңалықтары