Қаңтар–тамыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

    Қаңтар–тамыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

    2026 жылғы 1 тамыздағы халық саны: 1 130,3 мың адам, оның ішінде қалалық – 935,4 мың адам (82,8%).

    Облыстың әкімшілік бөлінісі: 8қала, оның ішінде6облыстық маңызы бар: Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Приозерск, Саран, Шахтинск және2аудандық: Абай және Қарқаралы,7аудан: Абай, Ақтоғай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров және Шет,342ауылдық елді мекендер.

    Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 3 711,5 млрд.теңгені құрады, нақты көлем индексі – 2025 жылдың тиісті кезеңіне 104,7%.

    Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 236,6 млрд. теңгені құрады, НКИ – 2025 жылдың тиісті кезеңіне 103,9%.

    Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 94 913 бірлікті құрады.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялар 657,7 млрд.теңгені немесе 2025 жылдың тиісті кезеңіне 95% құрады.

    Құрылыс жұмыстарының көлемі 336,9 млрд.теңгені немесе 2025 жылдың тиісті кезеңіне 78,6% құрады. 240,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2025 жылдың тиісті кезеңіне 68,4%.

    Ішкі сауда бойынша нақты көлем индексі 100,3%, көлемі 3 084,9 млрд. теңге құрады.

    Көлік саласында көлемі 382,7 млрд. теңге, 2025 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,5% құрады.

    Инфляция 105,3% құрады, оның ішінде азық – түлік тауарларына-104,3%.

    Мемлекеттік бюджетке 562,6 млрд.теңге салық және басқа да міндетті төлемдер түсті, оның ішінде республикалық бюджетке – 269,4 млрд. теңге, жергілікті бюджетке – 293,2 млрд. теңге.

    Әлеуметтік сала

    2026 жылдың екінші тоқсанындағы жұмыссыздық деңгейі 4,0%-ды құрады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 42,3 мың.адам немесе экономикалық белсенді халықтың 7,9%-ын құрады.

    2026 жылдың екінші тоқсанындағы орташа айлық атаулы жалақы 470 390 теңгені құрады, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,8%-ға жоғары.

    2026 жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша 3 763 құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде 446-і жеңіл қылмыс,
    1 527-і орташа қылмыс, 1 322-сі ауыр қылмыс және 44-і аса ауыр қылмыс.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" жаңалықтары