Кітап сыйла – ізгілік сыйла

    1 / 4
    «Кітап сыйла – ізгілік сыйла»
    🔰 Ұзақбай Сыздықбайұлы ауылында «Кітап сыйла – ізгілік сыйла» тақырыбы аясында ауыл тұрғындарына кітап сыйлау акциясы ұйымдастырылды.
    Іс-шараның негізгі мақсаты – кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, рухани құндылықтарды дәріптеу және тұрғындар арасында ізгілік пен мейірімділікті насихаттау. Сонымен қатар, кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, білім мен тәрбиенің қайнар көзі ретінде кітапқа деген құрметті арттыру көзделді.
    Акция барысында ауыл тұрғындарына түрлі мазмұндағы кітаптар сыйға тартылып, кітап оқудың адам дүниетанымын кеңейтіп, ой-өрісін дамытып, рухани байлығын арттырудағы маңызы айтылды. Кітап сыйлау арқылы тұрғындарға қуаныш сыйлап, оқырман мен кітап арасындағы байланысты нығайтуға ерекше көңіл бөлінді.
    Кітап – рухани қазына, білімнің сарқылмас бұлағы. Осындай игі бастамалар арқылы қоғамда кітап оқу мәдениетін дамытуға, ізгілік пен жомарттықты насихаттауға және өскелең ұрпақты білімге құштар болуға шақыруға болады.
    Кітап сыйлау – білім мен ізгілікті бөлісу, рухани байлықты ұрпақтан ұрпаққа жеткізу!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңаарық ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары