«18 жастан асқан адамдарға мүгедектік тобы қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленетін қайтымсыз ақаулар мен аурулардың тізбесі»

    18 жастан асқан адамдарға медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларының 7-1-қосымшасына сәйкес, қайтымсыз ақаулары мен аурулары болған жағдайда қайта куәландыру мерзімінсіз мүгедектік тобын белгілеу мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Қайтымсыз ақаулардың қандай түрлері болған кезде I, II немесе III топтағы мүгедектік мерзімсіз белгіленетіні туралы түсініктемелер берілді. Атап айтқанда, аяқ-қолдардың ампутациясы немесе туа біткен патологиясы кезінде анатомиялық ақауларға жататын жағдайлар егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сонымен қатар, қандай ақаулар мен аурулардың үйлесімі анатомиялық ақау болып саналатыны туралы ақпарат берілді.

    Аяқ-қолдың ампутация деңгейіне қарай мүгедектік тобының қалай белгіленетіні жөнінде нақты түсіндірмелер ұсынылды. Сондай-ақ, балалық шақта анықталған, функционалдық бұзылыстардың тиісті айқындық дәрежесімен сипатталатын ауруларға назар аударылды. Мұндай жағдайларда 18 жасқа толғаннан кейін де мүгедектік тобының мерзімсіз белгіленетіні түсіндірілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары