Шетелде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарына зейнетақы төлемдерін тағайындау тәртібі
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және 2026 жылғы 18 мамырдағы № 79-НП Конституциялық Соттың нормативтік қаулысына сәйкес, Қазақстан азаматтары заңнамада белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқылы. Азаматтың Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұру фактісінің өзі оның осы құқықты іске асырудан бас тартуға негіз бола алмайды.
Зейнетақымен қамсыздандыру мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, бюджет қаражаты есебінен төленетін жасына байланысты зейнетақы төлемін, сондай-ақ Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары есебінен жүзеге асырылатын төлемдерді қамтиды. Төлемдердің әрбір түрі заңнамада көзделген талаптарға сәйкес тағайындалады.
Ең алдымен, зейнеткерлік жасқа назар аудару қажет.Қазақстанда жалпы белгіленген зейнеткерлік жас ерлер үшін –алпысүшжас, әйелдер үшін –алпысбіржас. Азаматтардың жекелеген санаттары үшін заңнамада зейнеткерлікке шығудың арнайы шарттары көзделген.
Зейнетақы тағайындау кезіндебір мың тоғыз жүз тоқсансегізіншіжылғыбіріншіқаңтарға дейінгі еңбек өтілі, сондай-ақ белгіленген талаптарға сәйкес зейнетақы жүйесіне қатысу және міндетті зейнетақы жарналары ескеріледі.
Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жүгіну қажет. Өтініш берушінің атынан нотариат куәландырған сенімхат негізінде оның өкілі де өтініш бере алады.
Негізгі құжаттарға өтініш пен жеке басты куәландыратын құжат жатады. Нақты жағдайға байланысты еңбек кітапшасы, архивтік анықтамалар, білім туралы құжаттар, әскери қызметті растайтын құжаттар, балалардың туу туралы куәліктері және еңбек өтілінің тиісті кезеңдерін растайтын басқа да құжаттар талап етілуі мүмкін.
Егер еңбек кітапшасы болмаса, онда қателер анықталса немесе қажетті жазбалар толық көрсетілмесе, еңбек өтілі архивтік анықтамалармен және заңнамада көзделген басқа да құжаттармен расталуы мүмкін.
Шет мемлекеттердің құзыретті органдары берген құжаттар, қажет болған жағдайда, халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, апостиль қойылуға немесе заңдастыру рәсімінен өтуге тиіс. Шет тілінде берілген құжаттар қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге, белгіленген тәртіппен ұсынылады.
Өтініш беру күні зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде маңызды екенін ескерген жөн. Сондықтан қажетті құжаттарды алдын ала дайындап, әсіресе Қазақстаннан тыс жерде жүрген азаматтарға өтініш беру тәртібін алдын ала нақтылауды ұсынамыз.
Сонымен қатар жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағындағы зейнетақы жинақтарын алу тәртібінің айырмашылығын ескеру қажет. Бұл төлемдер бойынша жеке рәсімдер қарастырылған. Өтініш беру және төлемдерді алу тәртібін нақты жағдайға және қолданыстағы қағидаларға сәйкес анықтау қажет.
Құрметті азаматтар! Егер сіз Қазақстаннан тыс жерде тұрсаңыз және зейнеткерлік жасқа жақындасаңыз, еңбек өтілін растайтын құжаттарды алдын ала тексеріп, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына немесе уәкілетті органдарға ресми кеңес алу үшін жүгінуді ұсынамыз.
Ең бастысы – шетелде тұру фактісінің өзі Қазақстан азаматын заңнамада белгіленген талаптарды орындаған жағдайда зейнетақымен қамсыздандыру құқығынан айырмайды.









