ЖЕТІСАЙДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА БОКСТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРІНШІЛІК БАСТАЛДЫ

    1 / 4

    Жетісай ауданында 2012–2013 жылдары туған жасөспірімдер арасында бокстан республикалық ашық біріншілік өтіп жатыр. Ұлағатты ұстаз, Ы. Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері Нарзулла Бектеміровтің жүлдесіне арналған жарысқа Өзбекстан Республикасынан және еліміздің түкпір-түкпірінен келген 200-ге жуық жас спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтамақ.

    Біріншіліктің ашылу салтанатына Бейжің Олимпиадасының чемпионы, Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Бақыт Сәрсекбаев, «Жетісай спорт клубы» КММ директоры Таласхан Битуреев, Орта Азияға танымал балуан Жасұзақ Сыдықов пен ардагер спортшы Құнанбай Мұсаев қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.

    Жарыс аясында Бейжің Олимпиадасының чемпионы, Азия ойындарының үш дүркін жеңімпазы, Өзбекстан Республикасының жеті дүркін чемпионы, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Бақыт Сәрсекбаев жас өрендерге арнайы шеберлік сағатын өткізді. Ол өзінің мол тәжірибесімен бөлісіп, бокстың қыр-сырын үйретті. Сондай-ақ жас спортшыларға техникалық әдіс-тәсілдерді меңгерудің, табандылық пен тәртіптің және жеңіске деген жігердің маңызын түсіндірді.

    Бұл – жас боксшылар үшін спорт майталманынан тәлім алып, шеберліктерін шыңдауға берілген үлкен мүмкіндік.

    Жарыс алты күнге жоспарланған. Жас боксшылар 15 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.

    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары