Құрметті түлектер!
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 6-тармағы 5) тармақшасына сәйкес, жоғары оқу орындарын жоғары оқу үлгерімімен аяқтаған түлектерге «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына конкурс өткізілмей аудандық және ауылдық деңгейлердегі басшылық емес лауазымдарға қабылдану мүмкіндігі көзделген. Аталған мүмкіндікті іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен «Eqyzmet.gov.kz» порталында «Түлектерге арналған бос орындар» бөлімі енгізілді.
Осыған байланысты жоғары оқу орындарын жоғары оқу үлгерімімен аяқтаған түлектер аталған бөлімде орналастырылған бос жұмыс орындарымен танысып, мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндігін пайдалана алады.
Толық ақпарат :https://eqyzmet.gov.kz/#/main/graduate/vacanci
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.



