Глубокое аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық екінші сессиясының отырысы өтті

    Глубокое аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық екінші сессиясының отырысы өтті

    Глубокое аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық екінші сессиясының отырысы өтті.
    Сессияның күн тәртібі:
    1. Глубокое аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 31/2-VIII "Глубокое ауданының кенттерінің, ауылдарының және ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы"шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
    2. Глубокое аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 наурыздағы № 10/5-VIII "Глубокое ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы"шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
    3. Аудандық бюджет комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
    Бірінші мәселе бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Д.К. Қалижаров баяндама жасап, 2026-2028 жылдарға арналған Глубокое ауданының кенттері, ауылдары мен ауылдық округтерінің бюджеттері туралы аудандық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар берді. Екінші мәселе бойынша ұсынылған өзгерістер туралы ақпаратты ұсына отырып, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары А.С. Валиева сөз сөйледі. Сондай-ақ аудандық бюджет комиссиясының дербес құрамы бекітілді. Сессия барысында депутаттар ұсынылған шешімдердің жобаларын талқылады, қарау қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды .

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Глубокое аудандық мәслихатының аппараты" ММ" жаңалықтары