"Глубокое аудандық мәслихатының аппараты" ММ

    Мәслихат туралы

    Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысының

    Глубокое аудандық мәслихаты

    1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мәслихат - тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс халқының еркін білдіретін жергілікті өкілді орган және жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайды, олардың жүзеге асырылуын бақылайды.

    Мәслихатты тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің халқы жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайлайды.

    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады.

    Мәслихатты мәслихаттың төрағасы басқарады, ол сессияда депутаттар арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымды адам болып табылады және мәслихат оны қызметінен босатады. Мәслихат төрағасының лауазымына кандидатураларды мәслихат депутаттары мәслихат сессиясында ұсынады.

    Мәслихат төрағасы мәслихат өкілеттігі мерзіміне сайланады.

    Мәслихаттың құзыреті, оны ұйымдастыру және оның қызмет ету тәртібі, депутаттардың құқықтық жағдайы Конституцияда, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңында және басқа да заңнамалық актілерде айқындалған.

    Мәслихаттың өкілеттігі бірінші сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бірінші сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады. Мәслихаттың өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды. Мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда және тәртіппен ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    2026 жылғы 16 маусымда сағат 09.00-де Глубокое аудандық әкімдігінің ғимаратында (Глубокое к., Попович көш.11а) Глубокое аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтеді

    Глубокое аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына 2026 жылғы 16 маусымда сағат 09.00-де Глубокое аудандық әкімдігінің ғимаратында (Глубокое к., Попович көш.11а) Глубокое аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтеді. Ұсынылатын сессияның күн тәртібі: 1) Глубокое аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 31/2-VIII «2026-2028 жылдарға арналған Глубокое ауданының кенттер, ауылдар мен ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; 2) Глубокое аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 28/2-VII «Округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы; 3) Глубокое аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8/17-VIII «Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы; 4) Глубокое ауданының халқын әлеуметтік-экономикалық қолдау жөнінде келісім жасасу туралы; 5) Глубокое ауданы прокурорының наразылығы туралы; 6) 2026 жылға арналған Глубокое ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесін бекіту туралы. Глубокое аудандық мәслихатының төрағасы А. Калигожин

    16 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    2026 жылғы 3 маусымда сағат 09.00-де Глубокое аудандық әкімдігінің ғимаратында (Глубокое к., Попович көш.11а) Глубокое аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтеді.

    Глубокое аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына 2026 жылғы 3 маусымда сағат 09. 0 0-д е Глубокое аудандық әкімдігінің ғимаратында (Глубокое к., Попович көш.11а) Глубокое аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтеді. Ұсынылатын сессияның күн тәртібі: 2025 жылғы аудандық бюджеттің, кенттер мен ауылдар, ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы есепті бекіту туралы. 2025 жылғы аудандық бюджеттің, кенттер мен ауылдар, ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы баяндама. Тумашинов Эльдар Лукбекович - Глубокое ауданының әкімі. 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің, кенттер мен ауылдар, ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы баяндама. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының өкілі. Глубокое ауданының даму жоспарын іске асыру туралы баяндама. Тумашинов Эльдар Лукбекович - Глубокое ауданының әкімі. Глубокое ауданында спорт секцияларының, үйірмелердің және мәдени-демалыс орталықтарының желісін дамыту туралы ақпарат. Мехлисов Расул Азаматұлы – «Глубокое ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы. Ауданның медициналық ұйымдарында медициналық қызмет көрсету сапасы туралы ақпарат. Мирхат Фархатұлы Увазыров - Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Глубокое орталық аудандық ауруханасы» КММ бас дәрігері. Әртүрлі. Глубокое аудандық мәслихатының төрағасы А. Калигожин

    18 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    2026 жылғы 17 наурызда сағат 9.30-да Глубокое аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы аудандық әкімдік ғимаратында өтеді

    2026 жылғы 17 наурызда сағат 09.30-да Глубокое аудандық әкімдігінің ғимаратында (Глубокое к., Попович көш.11а) Глубокое аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтеді. Ұсынылатын сессияның күн тәртібі: Глубокое аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 30/2-VIII «2026-2028 жылдарға арналған Глубокое аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Глубокое аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 30/4-VIII «Глубокое аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы; Құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы; Құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия құру туралы; Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құру туралы.

    17 наурыз 2026 ж.Тікелей
    п. Глубокое, ул.Поповича, 11а, актовый зал
    ОтырысАяқталды

    2026 жылғы 25 ақпанда сағат 09.00-де Глубокое аудандық әкімдігінің ғимаратында Глубокое аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтеді.

    2026 жылғы 25 а қпанда сағат 09.00-де Глубокое аудандық әкімдігінің ғимаратында (Глубокое к., Попович көш.11а) Глубокое аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтеді. Ұсынылатын сессияның күн тәртібі: Березовка және Веселовка ауылдық округтері әкімдерінің оларға жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есептері. Тағанбеков Талғат Қабденұлы-Березовка ауылдық округінің әкімі. Ксембаев Ғабит Ахметұлы - Веселовка ауылдық округінің әкімі. Глубокое ауданының аумағында АӨК саласындағы шағын және орта бизнесті субсидиялау және қолдау және кооперативтерді дамыту мәселелері туралы. Капатаев Ернар Ерболатұлы – «Глубокое ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы. Антипина Анна Ивановна – «Глубокое ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы. Ауданның медициналық ұйымдарында медициналық қызмет көрсету сапасы туралы ақпарат. Увазыров Мирхат Фархатұлы - Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Глубокое орталық аудандық ауруханасы» КММ бас дәрігері. Әртүрлі.

    25 ақпан 2026 ж.Тікелей
    п.Глубокое, ул.Поповича, 11а, актовый зал
    Шешім

    40 сессия 17 тамыз 2026

    Жарияланды:
    Шешім

    39 сессия 31 шілде 2026

    Жарияланды:
    Шешім

    38 сессия 25 июня 2026

    Жарияланды:
    Шешім

    2026 жылғы 16 маусымдағы 37 сессия

    Жарияланды:
    Шешім

    2026 жылғы 3 маусымдағы 36 сессия

    Жарияланды: