«ЖАСТАР – ДІН ЖӘНЕ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР»
📍 Жыласай ауылдық округі әкімшілігінің ұйымдастыруымен Майлы Орманов атындағы орта мектепте «Жастар – дін және рухани құндылықтар» тақырыбында оқушылармен кездесу өткізілді.
🤝 Кездесу дінтанушы маман Еңлік Қаржаубақызымен бірлесіп 9-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды.
🎯 Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың діни сауаттылығын арттыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, дәстүрлі құндылықтардың маңызын түсіндіру және жастардың бойында ұлттық тәрбие мен жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
💬 Кездесу барысында діннің қоғамдағы орны, рухани құндылықтардың адам өміріндегі маңызы, имандылық пен ізгілік, адамгершілік қасиеттер, сондай-ақ жастардың теріс діни ағымдардың ықпалына түсуден сақтануы туралы маңызды мәселелер қозғалды.
✨ Рухани байлық – адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі. Жастардың білімді, саналы, тәрбиелі әрі отансүйгіш болып қалыптасуы – қоғамның жарқын болашағының кепілі.
Осындай тағылымы мол кездесулер өскелең ұрпақтың рухани дамуына оң ықпал етіп, олардың өмірлік ұстанымдарының қалыптасуына жол ашады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









