Ақсақалдар алқасының жылдық есеп беру жиналысы

    1 / 3

    📌 ЖЫЛЫСАЙ АУЫЛЫНДА АРДАГЕРЛЕР АЛҚАСЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП БЕРУ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
    2026 жылғы 29 қазан күні Жылысай ауылдық округ әкімшілігінің ұйымдастыруымен Ақсақалдар алқасының жылдық есеп беру жиналысы өтті.
    Жиналыс барысында Жылысай ауылыдық округ әкімі Масенов Руслан Кеңесжанұлы мен Ақсақалдар алқасының төрағасы Таубалдиев Болат Әбікенұлының жыл бойы атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, өзекті мәселелері мен алдағы жоспарлары туралы баяндады.
    Кездесу барысында ауыл тұрғындарын толғандыратын бірқатар маңызды мәселелер кеңінен қаралып, талқыланды. Атап айтқанда:
    🔹 Білім беру және мәдениет саласы: мектеп пен балабақша жұмысы, оқушыларға жасалып жатқан жағдайлар, мәдени іс-шаралар мен үйірмелердің қызметі;
    🔹 Денсаулық сақтау саласы: медициналық қызметтің сапасы, тұрғындардың денсаулығын бақылау және әлеуметтік көмек көрсету мәселелері;
    🔹 Ауылдың абаттандырылуы: көшелерді асфальттау, жарықтандыру, көгалдандыру және елді мекеннің көркін жақсарту жұмыстары;
    🔹 Ауыз су мәселесі: су жүйелерінің жағдайы, құбырларды жөндеу, су қоймаларын күтіп ұстау және тұрғындарды тұрақты ауыз сумен қамтамасыз ету;
    🔹 Ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы: жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану, мал басын жайлауға көшіру, ветеринариялық қызметті дамыту мәселелері.
    Сонымен қатар алдағы уақытта жүзеге асыру жоспарланған маңызды бастамалар да талқыланды. Атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы мен Тыл ардагерлерінің есімдерін ұлықтау, ауылдағы орталық стадионды кеңейту, «Қос бастау» су қоймасын жөндеу, орталық мешітке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және «Әлмерек-Абыз» баба атындағы саябақ салу жөніндегі ұсыныстар айтылды.
    Жиналыс барысында ауылдың дамуына қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылып, тиісті ұсыныстар берілді. Ақсақалдар тарапынан айтылған ой-пікірлер мен ұсыныстар ауылдың болашағы үшін маңызды екені атап өтілді.
    🤝 Ауылдың өркендеуі – ортақ міндет!
    Елдің бірлігі мен ынтымағын нығайтып, ауылдың дамуына үлес қосу жолында аға буынның ақыл-кеңесі мен өмірлік тәжірибесі әрдайым маңызды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Кеген ауданының Жылысай ауылдық округінің әкімі аппараты" ММ" жаңалықтары