Жылысай ауылында ардагерлер арасында шахмат және дойбы спорт түрлерінен аудандық жарыс

    1 / 6

    ЖЫЛЫСАЙ АУЫЛЫМЫЗДА АУДАНДЫҚ СПОРТТЫҚ ШАРА ӨТТІ!
    Қазақстан Республикасының мерекесіне орай Жылысай ауылында ардагерлер арасында шахмат және дойбы спорт түрлерінен аудандық жарыс ұйымдастырылды. ♟️
    Спорттық шараның басты мақсаты – ардагерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, сондай-ақ шахмат пен дойбы ойындары арқылы қатысушылардың ойлау қабілеті мен шеберлігін дамыту.
    Жарыс барысында қатысушылар өзара бақ сынасып, тартысты да қызықты ойын өрнегін көрсетті. Әрбір ойын үлкен зейін мен сабырлылықты талап етіп, қатысушылардың шеберлігі мен тәжірибесін айқындады.
    🏆 Жарыс қорытындысы бойынша:
    🔹 Дойбыдан әйелдер арасында: 🥇 І орын – Мұсаева Күлсін
    🥈 ІІ орын – Әкімжанова Гүлнар
    🥉 ІІІ орын – Әлиасқарова Баян
    🔹 Дойбыдан ерлер арасында: 🥇 І орын – Әлдебеков Бақберген
    🥈 ІІ орын – Салдықбеков Т.
    🥉 ІІІ орын – Советов Нұрбай
    Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Кеген аудандық дене шынықтыру және спортты дамыту орталығының арнайы бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
    Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен спортқа деген сүйіспеншіліктері үшін алғыс білдіреміз! Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және толағай табыстар тілейміз! 💐
    Осындай игі шаралар ардагерлеріміздің белсенді өмір салтын қалыптастырып, қоғамдағы ынтымақ пен бірлікті нығайта берсін!
    🇰🇿 Республика күні құтты болсын!
    Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Кеген ауданының Жылысай ауылдық округінің әкімі аппараты" ММ" жаңалықтары