Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің екі қызметкері қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны, батылдығы мен ерлігі үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Атап айтқанда, ІІМ Күзет қызметін бақылау комитеті Астана қаласының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызмет инспекторы, полиция лейтенанты Қайыров Ерболат Абылайұлы адам өмірін сақтауда көрсеткен батылдығы мен қайсарлығы үшін «Ерлігі үшін» медалімен наградталды.
Сондай-ақ Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызмет аға инспекторы, полиция майоры Ыбыраев Кенжеболат Қаратайұлы қоғамдық тәртіпті сақтау кезіндегі үлгілі қызметі үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Мемлекеттік наградалар – Отанға адал қызмет етудің, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы жауапкершілік пен кәсібиліктің айқын көрінісі.
Бұл марапаттар қызметкерлердің ерлігі мен еңбегіне берілген жоғары баға ғана емес, сонымен қатар ішкі істер органдары қызметкерлері үшін үлкен абырой әрі зор жауапкершілік.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









