Қазақстан Республикасы ІІМ Күзет қызметін бақылау комитеті

    О комитете

    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау комитеті – ведомствоның құрылымдық бөлінісі.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Хабарландыру

    Хабарландыру жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы

    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ІІМ-нің ағымдағы жылғы 26 наурыздағы № 218 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы шеңберінде (бұдан әрі – бұйрық) жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарлайды. Мақсат – қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша таяу тоқсанға кадрлық жоспарлау. 2026 жылғы 02 наурыздағы № 150 ІІМ бұйрығына сәйкес лауазымдарды атқаратын қызметкерлер Күзет қызметін бақылау комитеті төрағасының номенклатурасына жататын және жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасына үлгіге сәйкес баянат және «Документолог» жүйесі арқылы қалыптастырылған қызметтік тізім береді. Жоспардан тыс аттестаттауға қызметкерлер жіберілмейді: 1) басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін(ІІМ-нің 2020 жылғы 12 маусымдағы №463 бұйрығы). ІІМ Күзет қызметін бақылау комитеті төрағасының номенклатурасы үшін біліктілік талаптары: КҚБК – C-SV-5 санаты; МКҚБ - C-SGU-2; C-SGU-8; C-SSP-3; C-SSP-4 (рота командирі)санаттары. 2) қолданыстағы тәртіптік жазалары бар; 3) оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіледі. Сұрақтар туындаған жағдайда Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасына хабарласуға болады, каб. № 107, анықтама телефондары 8 (7172) 43-71-07, электрондық мекенжай [email protected]. Ескертпе:жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді. ІІМ КҚБК Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасы Қазақстан Республикасы ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы полиция полковнигі Д.М. Молдахановқа Баянат Мені жоғары тұрған басшылық лауазымға кандидатурамды қарау үшін жоспардан тыс аттестаттау өтуге рұқсат беруіңізді сұраймын. ____________________ (лауазымы, атағы, Т. А. Ә., қолы)

    Жарияланды: