«Жылдың үздік жеке күзет ұйымы» республикалық конкурсының қорытындысы шығарылды

    1 / 3

    2026 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстан Республикасы Күзет ұйымдары қауымдастығы бірлесіп «Жылдың үздік жеке күзет ұйымы» республикалық конкурсын өткізді.

    Конкурстың негізгі мақсаты – жеке күзет ұйымдарының қызметін бағалау, үздік тәжірибелерді анықтау және тарату, сондай-ақ күзет қызметі саласындағы кәсіби жетістіктерді ынталандыру.

    Конкурсқа қатысушылар лицензияның кіші түріне және күзетшілердің санына қарай топтарға бөлінді. Екінші топ бойынша өтінімдердің болмауына байланысты конкурс қорытындысы бірінші топ бойынша шығарылды. Бірінші топ қатысушылары күзетшілер санына қарай екі кіші топқа бөлінді.

    Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

    Күзетшілер саны 500-ге дейінгі ұйымдар арасында:

    • «KANLY SECURITY» ЖШС (Алматы қаласы);

    • «Акинак Бодигард» ЖШС (Алматы қаласы).

    Күзетшілер саны 1000-нан асатын ұйымдар арасында:

    • «Қорғау қызметі» ЖШС (Қарағанды қаласы);

    • «ГРУПП Четырье» ЖШС (Алматы қаласы).

    Конкурсқа материалдарын ұсынған өзге күзет ұйымдары қатысушы дипломдарымен марапатталды.

    Конкурс жеке күзет ұйымдарының кәсіби деңгейін арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасын жетілдіруге және күзет қызметі саласындағы озық тәжірибені таратуға бағытталған.

    Конкурс жеңімпаздарын құттықтаймыз! Алдағы қызметтеріне табыс, кәсіби жетістіктер мен жаңа жеңістер тілейміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау комитеті" жаңалықтары