“№1 ЖББОМ” КММ базасында АӘК әдіскер А.Б.Битенова математика, физика және информатика мұғалімдеріне арналған “ Білім сапасы: білім беру сапасын төмендету себептері және арттыру жолдары “ тақырыбында аудандық семинар өткізді.
“Сандар тілі: Есептеу жылдамдығы мен білім сапасының байланысы “ тақырыбында сөз сөйледі, сондай-ақ педагогтармен тәжірибелік сабақ өткізді Моисеев НЖББМ математика және информатика мұғалімі Чужаева К.С. №2 ЖББОМ математика пәні мұғалімі Бочковская С.А. тақырыптағы «Оқытудың белсенді әдістерін қолдану арқылы математика сабақтарында оқушылардың білім сапасын арттыру» тәжірибесімен бөлісті.
Семинар қорытындысы бойынша педагогтардан кері байланыс алынды, келесі семинарды өткізудің алдын ала жоспары әзірленді. Сондай-ақ спикерлерге сертификаттар табысталды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









