Сабақтастық пен ынтымақтастық-инклюзивті Білім берудің негізі

    1 / 4

    Железин ауданындағы №1 жалпы білім беретін орта мектеп базасында инклюзивті білім беруді дамытуға және әрбір балаға тең мүмкіндік қалыптастыруға бағытталған практикалық іс-шара өтті.

    Кездесудің басты мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастықты нығайту, балалардың мектеп өміріне бейімделуіне қолайлы жағдай жасау және білім беру үдерісінде тиімді өзара ынтымақтастық орнату.

    Іс-шара барысында инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру, әр баланың жеке ерекшеліктерін ескеру, оның әлеуетін ашу және әлеуметтік ортаға бейімделуіне қолдау көрсету мәселелеріне назар аударылды. Сонымен қатар мектепке дейінгі және бастауыш білім беру педагогтерінің өзара тәжірибе алмасуы мен бірлескен жұмысының маңыздылығы атап өтілді.

    Мұндай кездесулер білім беру ұйымдары арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, балалардың жаңа ортаға сенімді қадам басуына, оқу үдерісіне жеңіл бейімделуіне және жан-жақты дамуына мүмкіндік береді.

    Іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған Железин №1 жалпы білім беретін орта мектебінің ұжымына кәсібилігі, ашықтығы және ынтымақтастығы үшін алғыс білдірілді.

    Өйткені әр балаға тең мүмкіндік беру – сапалы білім мен инклюзивті қоғам қалыптастырудың басты шарты!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысы білім беру басқармасының «Железин ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары