🏸 ОРАЛДА БАДМИНТОННАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ!

    1 / 11

    Орал қаласында бадминтоннан Қазақстан Республикасының чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

    Ел біріншілігіне Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарының, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларының командалары қатысуда.

    Чемпионаттың ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Дәурен Мұқанов, облыстық бадминтон федерациясының вице-президенті Сергей Швечков, «Конденсат» компаниялар тобы кеңесі төрағасының орынбасары Дина Галиметденова және Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Армат Исанов қатысты.

    Қазақстан чемпионатының негізгі мақсаты – үздік спортшыларды анықтау, бадминтонды кеңінен насихаттау және елімізде осы спорт түрінің дамуына үлес қосу.

    Барлық қатысушыларға сәттілік, тартысты бәсеке және жоғары нәтижелер тілейміз! 🏸

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" жаңалықтары