МАҚТААРАЛДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

    1 / 22
    Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып келе жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Мақтаарал ауданында «Ұлы тұлғаларға құрмет – ұрпаққа міндет» тақырыбында кезекті жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды.
    Ізгі бастаманың басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, елді мекендердің көркін арттыру, тарихи-мәдени орындарды күтіп ұстау, сондай-ақ тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, туған жерге деген жанашырлық сезімін нығайту.
    Аталған тазалық шарасына аудан бойынша 800-ге жуық адам белсенді қатысып, жұмыстарға 15 арнайы техника жұмылдырылды. Сенбілік барысында үлкен жолдардың бойы, ішкі көшелер, қоғамдық орындар, тарихи-мәдени ескерткіштер, саябақтар мен елді мекен аумақтары тазартылып, тұрмыстық қалдықтар жиналды. Нәтижесінде 18 тоннаға жуық қоқыс арнайы полигондарға шығарылды.
    Тазалық жұмыстарына мемлекеттік және бюджеттік мекемелердің қызметкерлері, аудан тұрғындары, еріктілер мен түрлі сала өкілдері бір кісідей атсалысты. Бұл – қоршаған ортаны қорғау ісінің тек жекелеген мекемелердің ғана емес, тұтас қоғамның ортақ міндеті екенін көрсететін жарқын үлгі.
    Жалпы, Мақтаарал ауданында жыл басынан бері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпы саны 30 мыңға жуық тұрғынның қатысуымен 60 сенбілік ұйымдастырылған. Тазалық жұмыстарына 250 арнайы техника тартылып, 280 тоннаға жуық тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстар белгіленген орындарға шығарылған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша 279 әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 6 530 750 теңге айыппұл салынған. Оның ішінде 3 701 650 теңге өндірілген. Ал ӘҚБтК-нің 434-2-бабы бойынша 441 әкімшілік хаттама рәсімделіп, 12 486 275 теңге көлемінде айыппұл салынған. Бүгінгі күнге дейін оның 9 845 950 теңгесі өндірілді.

    (с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мақтаарал ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары