1 / 7
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қарағанды облысы бойынша өкілі К. М. Бейсенбеков «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының мүшесі А. А. Джумальдиновпен бірлесіп, Қарағанды қаласындағы № 2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барды.
Сапар барысында қызмет алушылардың тұру жағдайларымен, тамақтануын, медициналық қызмет көрсетуді және бос уақытын ұйымдастыру мәселелерімен танысып, олардың құқықтарының сақталуына ерекше назар аударды.
Сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, Ұлттық алдын алу тетігінің қызметі және адам құқықтарын қорғау тәсілдері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
А. А. Джумальдинов «Менің құқығым бар» атты диалог клубын және адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары туралы дәріс өткізіп, қатысушыларды «Еркіндік рухы» комиссиясының қызметімен таныстырды.








