Жетісу облысында «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында жүзеге асырылып жатқан «Адал кәсіпкер» акциясы шеңберінде 7 кәсіпкер марапатталды.
Іс-шараны Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы бірлесіп ұйымдастырды.
Акцияның негізгі мақсаты – кәсіпкерлік саласында адалдық пен ашықтық қағидаттарын қалыптастыру, заң талаптарын сақтау мәдениетін насихаттау және кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру.
Марапаттау барысында өз қызметінде заңдылық пен адалдық қағидаттарын ұстанып, кәсіпкерлік саласының дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегі атап өтілді.
«Адал кәсіпкер» акциясы өңірде адал бәсекелестікті дамытуға, кәсіпкерлердің жауапкершілігін арттыруға және қоғамның бизнеске деген сенімін нығайтуға бағытталған.









