
2026 жылғы 4 қыркүйекте Талдықорған қаласындағы «Атамекен» ӨКП ғимаратында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті басқармасының бастығы Қанат Өтесеитовтың, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізілді.
Кеңес барысында инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету, сондай-ақ кәсіпкерлердің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы барысында туындайтын проблемалық мәселелерді жедел шешу мәселелері қаралды.
Іс-шара бизнес өкілдерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекет пен бизнестің ашықтық және адал өзара іс-қимыл қағидаттарын нығайтуға, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға және кәсіпкерлік ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталды.
Кеңес қорытындысы бойынша инвестициялық жобаларды іске асыруға жәрдемдесу және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша одан әрі шаралар айқындалды.









