Жетісу облысында «Іскер Аймақ» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау шаралары түсіндірілді
2026 жылғы 15 қазанда Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы Кәсіпкерлердің өңірлік палатасымен және Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп, өңір кәсіпкерлеріне «Іскер Аймақ» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.
Кездесу офлайн және онлайн форматта өтті. Іс-шараға облыс аудандарының кәсіпкерлері қатысты.
Кездесу барысында қатысушыларға мемлекеттік қолдаудың қолжетімді шаралары, оларды алу шарттары, сондай-ақ бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселелері түсіндірілді.
Заңдылық, ашықтық және кәсіпкерлердің мемлекеттік бағдарламаларға тең қолжетімділігі қағидаттарын сақтау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалануға және жекелеген кәсіпкерлік субъектілеріне негізсіз артықшылықтар беруге жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мұндай кездесулер кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері арасындағы сенімді нығайтуға, сондай-ақ Жетісу облысында ашық әрі адал іскерлік ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.









