Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекеттік сыртқы істер министрі, БАӘ-нің БҰҰ жанындағы бұрынғы Тұрақты өкілі Лана Заки Нусейбенің кандидатурасын Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы лауазымына ұсынуын құптайды және осы бастаманы қолдайтынын білдіреді.
Бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, орнықты даму және адам құқықтарын қорғау ісінде БҰҰ тиімділігін арттыруға қатысты үміттердің өсуі жағдайында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының сайлауы халықаралық қоғамдастықтың ерекше назарын аударып отыр.
Сайлау процесі Қауіпсіздік Кеңесінде консенсусқа қол жеткізудегі белгілі бір қиындықтармен қатар жүріп отыр. Бұны бейресми дауыс берудің алдыңғы раундтарының нәтижелері куәландыруда. Осыған орай Қазақстан үміткерлер ортасының кеңеюін құптап, мұны сындарлы диалогты жалғастыру және өзара қолайлы шешім іздеу үшін қосымша мүмкіндік ретінде қарастырады.
Қазақстан өз тарапынан халықаралық қатынастардағы БҰҰ-ның орталық рөлін нығайтуды, оның қызметінің тиімділігін арттыруды және жаһандық сын-қатерлерге ден қоюдың көпжақты тетіктерін жетілдіруді дәйекті түрде жақтайды.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді биылғы жылы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясында сөйлеген сөзінде атап өткендей, келесі Бас хатшыны сайлау сессияның айқындаушы оқиғаларының бірі болмақ. Қазақстан БҰҰ Жарғысына толық сәйкес келетін ашық, инклюзивті және кандидаттардың кәсіби еңбек үлесіне негізделген іріктеу процесін жақтайды.
Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекеттік сыртқы істер министрі Лана Заки Нусейбенің кандидатурасын БҰҰ Бас хатшысы лауазымына ұсынуы туралы
Женева қаласындағы Қазақстан Республикасының БҰҰ бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігі·Жаңалықтар мұрағаты
Ұқсас материалдар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шолу
Үржар ауданының әкімдігіАшу
«Зияткер ұстаз» республикалық шахмат турнирінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қорытындысы
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасыАшу
Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Целиноград ауданының әкімдігіАшуКөкшетау қаласының прокуратурасы жалпы құны 343 млн теңгені құрайтын жерлер мемлекет кірісіне қайтарылды
Ақмола облысының прокуратурасыАшу
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға арналған Telegram-бот іске қосылды: спорт секциясын бірнеше минутта табуға болады
ҚР ТСМАшу
"Женева қаласындағы Қазақстан Республикасының БҰҰ бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігі" жаңалықтары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын жариялады.
Женева қаласындағы Қазақстан Республикасының БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілдігіАшу
Қазақстан мен Парламентаралық одақ ынтымақтастықты дамыту жөніндегі бастамаларды талқылады
Женева қаласындағы Қазақстан Республикасының БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілдігіАшу
Қазақстан мен ЦЕРН озық ғылыми технологиялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде
Женева қаласындағы Қазақстан Республикасының БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілдігіАшу
Ұлттар сарайында қазақстандық қызғалдақтарды сыйға тарту рәсімі мен Абай бюстінің таныстырылымы өтті
Женева қаласындағы Қазақстан Республикасының БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілдігіАшу
Қазақстан Женевада өтіп жатқан БҰҰ-ның алтыншы Қала әкімдерінің форумына қатысты
Женева қаласындағы Қазақстан Республикасының БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілдігіАшу