САРҚАНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА КҮЗГІ СЕНБІЛІКТЕР ЖАЛҒАСУДА

    1 / 4

    «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында Сарқан ауданында күзгі сенбіліктер тұрақты түрде ұйымдастырылуда.

    Кезекті сенбілік барысында аудан аумағында тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

    Сенбілікке бөлімдер мен мекеме қызметкерлері қатысып, қоғамдық орындар мен көшелердің тазалығын қамтамасыз етуге, қоршаған ортаны көркейтуге өз үлестерін қосты.

    Туған жердің тазалығы – баршамызға ортақ жауапкершілік. Ауданның көркеюі мен тазалығын сақтау әрбір тұрғынның белсенділігіне байланысты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Сарқан ауданының әкімдігі" жаңалықтары