25 қазан – Республика күніне орай Сарқан аудандық мәдениет үйінде салтанатты мерекелік кеш өтті.

    Мерекелік шарада аудан әкімі Ғалымжан Қанатұлы Маманбаев жиналған қауымды ұлттық мерекемен құттықтап, Республика күнінің ел тарихындағы маңызына тоқталды.

    Аудан әкімі өз сөзінде тәуелсіздіктің қадірін, ел бірлігі мен қоғамдық келісімнің маңызын атап өтіп, Сарқан ауданының дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға алғысын білдірді. Сондай-ақ барша тұрғынға амандық, отбасыларына бақ-береке, ел игілігі жолындағы еңбектеріне табыс тіледі.

    Мерекелік кеш аясында бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен, облыс және аудан әкімдерінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарымен марапатталды.

    Сонымен қатар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан үш азаматқа «Сарқан ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді. Атап айтқанда, «Сарқанирригация» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Әшірбеков Заманхан Манапұлы, Сарқан аудандық орталық ауруханасының бас мейіргері Бейсебаева Сәуле Нұрахымқызы және спорт саласының ардагері Молдахметов Матайбек Жанымханұлы осы құрметке ие болды.

    Салтанатты кеш аудандық мәдениет саласы қызметкерлерінің мерекелік концертімен жалғасты. Өнерпаздар әсем ән мен күмбірлеген күй арқылы жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Сарқан ауданының әкімдігі" жаңалықтары