25 қазан – Республика күніне орай Жетісу облысында салтанатты мерекелік кеш өтті. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев жиналған қауымды ұлттық мерекемен құттықтап, елдің дамуына үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік наградалар мен құрметті атақтарды табыстады.
Марапат иелерінің қатарында Сарқан ауданының әкімі Ғалымжан Қанатұлы Маманбаев та бар. Ол ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды.
Сондай-ақ ауданның бірқатар азаматы жоғары марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, Балтабек Абылқасымов «Құрмет» орденімен, Оразхан Болатханқызы Ахметова «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Ельмира Қабасқызы Такеева «Шапағат» медалімен марапатталды.
Ал ауданның басылым саласында еңбек етіп жүрген, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жомарт Мақатұлы Игіманға Жетісу облысының «Құрметті азаматы» атағы берілді. Бұл – Сарқан ауданынан аталған құрметті атаққа ие болған алғашқы азамат.
Марапат иелерін лайықты марапаттарымен құттықтап, ел игілігі жолындағы еңбектеріне табыс тілейміз!







