Қала әкімінің төрағалығымен өткен өңірлік инвестициялық штаб отырысында бірқатар инвестициялық жоба қаралды. Олардың қатарында шыны пакеттері мен қасбеттік жүйелер өндіретін зауыт, лифттер, эскалаторлар және басқа да көтергіш механизмдер шығаратын өндірістік-технологиялық орталық, алкогольсіз сусындар өндіретін өндірістік-логистикалық кешен, сондай-ақ қойма орындары бар косметика және парфюмерия өндіретін кәсіпорын салу жобалары бар.
Ұсынылған жобаларға салынатын инвестицияның жалпы көлемі шамамен 40 млрд теңгені құрайды. Оларды 2026–2029 жылдары іске асыру жоспарланып отыр. Нәтижесінде 1 700-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
2025 жылы елорда экономикасына шамамен 2,5 трлн теңге инвестиция тартылды. Қаражат өңдеу өнеркәсібі, логистика, көлік, әлеуметтік инфрақұрылым және экономиканың басқа да негізгі салаларындағы жобаларға бағытталды.
Өңірлік инвестициялық штаб отырыстары тұрақты түрде өткізіліп, инвесторларға жобаларды іске асырудың барлық кезеңінде жан-жақты қолдау көрсетіледі.
#Repost @jenis_qasymbek
https://www.instagram.com/p/DfCsIsdDG7G/?cplk=cXk0OWt3cmk0NGlj









