2026 жылғы 14 шілдеде Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII Құрылыс кодексіне өзгерістер енгізу туралы № 350-VIII Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
2026 жылғы 25 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі мәтініне түзету енгізілді. Аталған түзету нормативтік құқықтық актінің ресми өзгерістер тарихында тіркелген.
Енгізілген өзгерістер Кодекстің 61, 98, 99 және 105-баптарын қамтиды. Аталған баптар қала құрылысы қызметін цифрландыру, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және құрылыс жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу мәселелерін реттейді.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің қатысушылары жобалау жұмыстарын ұйымдастыру және құрылыс жобаларын іске асыру барысында аталған өзгерістерді ескеруі қажет.








