Абай облысының құрылыс басқармасы

    Жалпы ақпарат

    "Абай облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады, аумақты салу, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу), құрылыстарды, ғимараттарды, құрылыстарды қалпына келтіру және күрделі жөндеу, сондай-ақ аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау, облыстық маңызы бар объектілерге кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешім қабылдайды.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Заң

    Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне жаңа өзгерістер енгізілді

    2026 жылғы 14 шілдеде Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII Құрылыс кодексіне өзгерістер енгізу туралы № 350-VIII Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. 2026 жылғы 25 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі мәтініне түзету енгізілді. Аталған түзету нормативтік құқықтық актінің ресми өзгерістер тарихында тіркелген. Енгізілген өзгерістер Кодекстің 61, 98, 99 және 105-баптарын қамтиды. Аталған баптар қала құрылысы қызметін цифрландыру, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және құрылыс жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу мәселелерін реттейді. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің қатысушылары жобалау жұмыстарын ұйымдастыру және құрылыс жобаларын іске асыру барысында аталған өзгерістерді ескеруі қажет.

    Жарияланды:
    Анықтама

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама

    Жарияланды:
    Хаттама

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау хаттамасы

    Жарияланды:
    Хаттама

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау хаттамасы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

    Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2023 жылғы 18 қаңтарда № 31713 болып тіркелген) сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жаңа Үлгілік қағидалары бекітілді. Аталған қағидаларға сәйкес, «Абай облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуде. Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталғаны туралы хабарлаймыз. Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін талқылауға қатыса алады.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл

    Абай облысының құрылыс басқармасы ММ хабарлайды: «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» атты төртінші үлгілік базалық бағыт жобаларын іске асыру шеңберінде 2026 жылғы 31 шілдеге дейін 2026 жылғы 1 қаңтар мен 2026 жылғы 7 шілде аралығындағы қызмет кезеңі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланған.

    Жарияланды: