Қызметкерлер — Абай облысының құрылыс басқармасы

    Абай облысының құрылыс басқармасы басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    4
    Тілемесов Серік Нәсіпқазыұлы
    Басқарма басшысы

    Тілемесов Серік Нәсіпқазыұлы

    Абай облысының құрылыс басқармасының басшысы

    Серік Нәсіпқазыұлы Тілемесов 1991 жылы 13 ақпанда Семей облысы Үржар ауданы Үржарауылында дүниеге келген. 2012 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Татенов Медет Семейханович
    Басқарма басшысының орынбасары

    Татенов Медет Семейханович

    Басшының құрылыс мәселелері жөніндегі орынбасары

    1988 жылы 26 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданында дүниеге келген. 2011 жылы «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін» аяқтаған. Еңбек жолын 2008 жылы Шығыс-Қазақстан облысы, Өскемен қаласы «СМУ-Шығыс» ЖШС – участок бастығы қызметінен бастаған. 2014 жылы Аягөз ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі, бөлім басшысы, Аягөз ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы, Аягөз ауданы әкімінің орынбасары болып еңбек етті. Осы тағайындауға дейін «Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бөлім басшысы болған. 2026 жылдың 2 ақпанынан бастап Абай облысы құрылыс басқармасының басшы орынбасары болып тағайындалды.

    Әлеуметтік нысандардың құрылысы
    Мырамытов Мереке Есенұлы
    Басқарма басшысының орынбасары

    Мырамытов Мереке Есенұлы

    Қаржы-экономикалық және құқықтық мәселелер жөніндегі басшының орынбасары

    1989 жылы 21 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Зайсан қаласында дүниеге келген. 2014 жыл - Қазақ инженерлік-техникалық академиясы (экономика мамандығы) 2025 жыл - Қазақстан-Американдық еркін университеті (құқықтану мамандығы) Мансап 27.01.2016-24.01.2017 Статист-экономист, Зайсан ауданының экономика және қаржы бөлімі 25.01.2017-06.04.2017 Бас маман-аудан әкімінің көмекшісінің міндетін атқарушы, Зайсан ауданы әкімінің аппаратының заң және мемлекеттік - құқықтық жұмыстар бөлімі 07.04.2017-26.03.2020 Бас маман-аудан әкімінің көмекшісі, Зайсан ауданы әкімінің аппаратының заң және мемлекеттік - құқықтық жұмыстар бөлімі 27.03.2020-14.08.2022 Зайсан ауданы әкімінің көмекшісі 15.08.2022-02.04.2024 Біржан ауылдық округінің әкімі 22.04.2024-23.05.2024 Бас маман, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының экономика және қаржы бөлімі 24.05.2024-18.08.2024 Бас маман, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі 19.08.2024-06.04.2025 Бөлім басшысы, Абай облысы Үржар ауданы Әкімі аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингтеу және ақпараттық технологиялар бөлімі 08.04.2025-15.07.2025 Бөлім басшысы, "Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі кеңсе, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау бөлімі 16.07.2025-16.04.2026 Аппарат басшысы, "Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі 17.04.2026 жылдан бастап Абай облысының құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарады

    Тұрғын үй құрылысының мониторингі
    Кежебекұлы Ерсін
    Басқарма басшысының орынбасары

    Кежебекұлы Ерсін

    Жобалық-сметалық мәселелер жөніндегі басқарма басшының орынбасары

    1999 жылғы 4 қаңтарда Ақсуат ауданының Ақсуат ауылында (қазіргі Абай облысы) дүниеге келген. Білімі – жоғары. С. Торайғыров атындағы университетті «Сәулет» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Бөлім

    4
    Қызыр Айдана Жарқынқызы
    Бөлім басшысы

    Қызыр Айдана Жарқынқызы

    Әкімшілік-құқықтық және тұрғын үй мониторингі бөлімінің басшысы

    1990 жылы 06 ақпанда Шығыс-Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Мақаншы ауылында дүниеге келген. 2011 жыл – Семей мемлекеттік педагогикалық институты (география мамандығы) 2013 жыл – Қазақ қаржы-экономикалық академиясы (экономика мамандығы) 27.08.2011 - 28.03.2014 Әдіскер, 12 жылдық білім беру жүйесін қолдау және ағылшын тілі орталығы" МНҢК, Астана қаласы 01.04.2014 - 28.05.2018 Инспектор, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Астана қаласы бойынша филиалы - "ХҚКО" департаментінің Есіл аудандық № 1 бөлімі, Астана қаласы 16.04.2019 - 18.09.2022 Бас маман, Семей қаласының құрылыс бөлімі әкімшілік-қаржы секторы 19.09.2022 – 25.07.2023 Бас маман, Абай облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының тұрғын үй мониторингі бөлімі 26.07.2023 – осы уақытқа дейін бөлім басшысы, Абай облысының құрылыс басқармасы әкімшілік-құқық және тұрғын үй мониторингі бөлімі

    Тұрғын үй құрылысының мониторингі
    Кумаров Манап Болатович
    Бөлім басшысы

    Кумаров Манап Болатович

    Құрылыс бөлімінің басшысы

    1994 жылы 17 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Завидное ауылында дүниеге келген. "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КЕАҚ геодезия және картография мамандығын бітірген.

    Әлеуметтік нысандардың құрылысы
    Абылқаятов Еркебұлан Аманғалиұлы
    Бөлім басшысы

    Абылқаятов Еркебұлан Аманғалиұлы

    Қаржы-экономикалық бөлімінің басшысы

    1997 жылы Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында дүниеге келген. 2015–2019 жылдары Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Байгулакова Аселя Айдаровна
    Бөлім басшысы

    Байгулакова Аселя Айдаровна

    Жобалау-сметалық бөлімінің басшысы

    1999 жылы 10 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген. "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КЕАҚ құрылыс мамандығын бітірген.