
Татенов Медет Семейханович
Басшының құрылыс мәселелері жөніндегі орынбасары
Өмірбаян
1988 жылы 26 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданында дүниеге келген.
2011 жылы «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін» аяқтаған.
Еңбек жолын 2008 жылы Шығыс-Қазақстан облысы, Өскемен қаласы «СМУ-Шығыс» ЖШС – участок бастығы қызметінен бастаған.
2014 жылы Аягөз ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі, бөлім басшысы, Аягөз ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы, Аягөз ауданы әкімінің орынбасары болып еңбек етті.
Осы тағайындауға дейін «Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бөлім басшысы болған.
2026 жылдың 2 ақпанынан бастап Абай облысы құрылыс басқармасының басшы орынбасары болып тағайындалды.