
Кежебекұлы Ерсін
Жобалық-сметалық мәселелер жөніндегі басқарма басшының орынбасары
Өмірбаян
1999 жылғы 4 қаңтарда Ақсуат ауданының Ақсуат ауылында (қазіргі Абай облысы) дүниеге келген. Білімі – жоғары.
С. Торайғыров атындағы университетті «Сәулет» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2021 жылы «SemKZ» ЖШС-нің өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы болып бастаған.
2023 жылғы қаңтардан бастап Абай облысы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының сәулет және қала құрылысы кадастры бөлімінің инспекторы қызметін атқарған.
Кейін Абай облысы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының құрылыс бөлімінің бас маманы міндетін атқарушы болған.
Одан әрі Абай облысы Құрылыс басқармасының құрылыс бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген.
Кейін Абай облысы Құрылыс басқармасының жобалау-сметалық бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.
Одан кейін Абай облысы Құрылыс басқармасының жобалау-сметалық бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген.
Кейін Абай облысы Бесқарағай ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
Одан кейін Абай облысы Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген.
2026 жылғы сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Абай облысы Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істейді.


