Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2023 жылғы 18 қаңтарда № 31713 болып тіркелген) сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жаңа Үлгілік қағидалары бекітілді.
Аталған қағидаларға сәйкес, «Абай облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуде.
Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталғаны туралы хабарлаймыз.
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін талқылауға қатыса алады.