Тұран ауданында тұрғындармен кездесу өтті

    Бүгін Шымкент қаласының Тұран ауданындағы Құрсай және Қазығұрт шағынаудандарының тұрғындарымен «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында кездесу өтті. Жиынға Тұран аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Сағынбаев Бержан қатысты.

    Кездесу барысында қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Полиция өкілі азаматтарды толғандырған сұрақтарға жауап беріп, тұрғындармен өзара байланысты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары