Түркістан облысының полицейлері қысқы киім үлгісіне көшті

    1 / 7
    Түркістан облысы Полиция департаментінде жеке құрам мен қызметтік автокөліктердің қысқы кезеңдегі қызметке дайындығын тексеру мақсатында гарнизондық саптық байқау өткізілді.
    Іс-шараны Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ғалымжан Қуашбаев өткізді.
    Саптық байқауға департамент басшылығы мен қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік полиция қызметкерлері және Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қатысты.
    Шара барысында қызметкерлердің сыртқы келбеті, нысанды киім үлгісінің белгіленген талаптарға сәйкестігі, қызметтік тәртіпті сақтауы және автокөліктердің техникалық дайындығы тексерілді. Анықталған кемшіліктерді жою бойынша жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар берілді.
    Полиция полковнигі Ғ. Қуашбаев заңдылықты қатаң сақтауға, азаматтармен сыпайы қарым-қатынас жасауға және «Заң мен тәртіп» қағидатына сәйкес қызметтік міндеттерді адал орындауға ерекше назар аударды.
    Саптық байқау қорытындысы бойынша бөлімшелердің қысқы кезеңдегі қызметке дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған міндеттер айқындалды.
    Іс-шара жеке құрамның салтанатты саптық жүрісімен аяқталып, полицейлер күнделікті қызметтеріне кірісті.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары