Түркістан облысында полицей тұрғынды интернет-алаяқтардың арбауынан сақтап қалды

    Түркістан облысында учаскелік полиция инспекторы интернет-алаяқтардың арбауына түсу қаупіне тап болған тұрғынға жедел көмек көрсетті. Оқиға Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылында болған. 41 жастағы жергілікті тұрғынға белгісіз тұлғалар қоңырау шалып, пошта арқылы тауар келгенін айтқан.
    Кейін олар SMS-хабарлама арқылы келген кодты хабарлауды сұраған. Азаматша кодты айтып қойғанымен, көп ұзамай қоңырау шалушылардың алаяқтар болуы мүмкін екенін түсініп, көмек сұрап полиция бөліміне жүгінген.
    Тұрғынның уәжіне жедел әрекет еткен учаскелік полиция инспекторы Әділ Мамедалиев оған қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдауға көмектесті. Атап айтқанда банктік шоттарын бұғаттау және оның атына жаңа кредиттердің рәсімделуіне жол бермеу бойынша тиісті әрекеттер жасауға бағыт-бағдар берді.
    Полицейлер тұрғындарды белгісіз тұлғаларға SMS арқылы келетін кодтарды, банк деректерін және жеке мәліметтерін хабарламауға шақырады. Егер алаяқтық белгілерін байқасаңыз, дереу банкке хабарласып, шоттарыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз және полицияға жүгініңіз.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары