Түркістанда полиция ардагеріне құрмет көрсетілді

    Түркістан облысында ішкі істер органдарының ардагеріне құрмет көрсетіліп, көп жылдық адал еңбегімен танылған қызметкерді зейнеткерлік демалысқа шығарып салуға арналған салтанатты жиын өтті.
    "Полициядағы сабақтастық: ардагерлерге құрмет, әріптеске алғыс" атты іс-шараға Түркістан облысы ІІО және Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаев, аудандық полиция бөлімінің басшылығы мен ардагерлері қатысты.
    Жиын барысында 1996 жылы Төлеби аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған ішкі істер органдарының ардагері Есалы Ақшаловқа Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Құрметті ардагер" төсбелгісі салтанатты түрде табысталды. Ардагер сөз сөйлеп, полиция қызметіне деген қызығушылығы бала кезінен басталғанын айтып, еңбек жолындағы естеліктерімен бөлісті.
    Сондай-ақ көп жылғы еңбегінің еленіп, әріптестері алдында құрметке бөленгеніне ризашылығын білдірді. Салтанатты шара аясында ішкі істер органдарында 17 жыл бойы түрлі лауазымдарда абыройлы қызмет атқарған Ақмарал Боташеваны құрметті зейнет демалысына шығарып салу рәсімі де өтті.
    Төлеби аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрдәулет Әжібеков қызметкердің көп жылғы мінсіз еңбегін атап өтіп, полиция саласының дамуына қосқан үлесі үшін оған алғысхат пен естелік сыйлық табыстады. Тағылымды шара полиция қызметіндегі ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ардагерлердің еңбегін ұлықтауға арналды. Аға буынның бай тәжірибесі мен кейінгі толқынның кәсібилігі — құқық қорғау саласының берік негізі.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары