Президент Жолдауы: өңірді дамытудың жаңа бағдарлары

    1 / 9

    Облыс әкімі Асайын Байханов, мемлекеттік органдардың басшылары мен қоғам өкілдері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын тікелей эфирден көрді.

    Негізгі бастамалардың бірі - 2027 жылды жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялау және инфрақұрылымды дамытуға серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған «Халықтық құрылыс» бағдарламасын іске қосу.

    Президент энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, цифрландыру және су ресурстарын тиімді пайдалану салаларындағы басымдықтарды айқындады. Сондай-ақ 2027 жылдан бастап шағын бизнес субъектілерін тексеруге үш жылдық мораторий енгізу мәселесін қарастыру ұсынылды.

    Өнеркәсіптік, энергетикалық және аграрлық әлеуеті зор Павлодар облысы үшін белгіленген міндеттер инфрақұрылымды жаңғыртуға, инвестиция тартуға және жұмыс орындарын ашуға қосымша мүмкіндіктер береді. Бұл бастамаларды іске асыру тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және өңір экономикасын нығайтуға серпін береді.

    Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
    Суреттерді түсірген Валерий Бугаев

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының әкімдігі" жаңалықтары