ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет жанындағы «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты.
«Заң мен тәртіп» – мемлекетіміздің конституциялық деңгейде бекітілген негізгі қағидаттарының бірі. Жиында Премьер-министр құқық үстемдігін қамтамасыз ету, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және заңға бағыну мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.
«Нағыз патриот – бірінші кезекте заңға бағынатын, тәртіпті сақтайтын, тазалықты бағалайтын, табиғатты аялайтын еңбекқор, білімді азамат. Сондықтан дәл осындай құндылықтарды бәріміз кеңінен насихаттауымыз, ілгерілетуіміз қажет. Тәртіп болмаса, елімізде экономикалық, әлеуметтік, саяси және басқа мақсаттарға қол жеткізу мүмкін емес», – деп атап өтті Олжас Бектенов.
Жиында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, қауіпсіз өмір сүру ортасын құру, мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтық қоғаммен әріптестікті дамыту және азаматтық белсенділікті арттыру мәселелері қаралды. Сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік жүйесін цифрландыру, бейнебақылау жүйелерін кеңейту, құқықбұзушылықтардың алдын алу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстар талқыланды.
Комиссия отырысынан кейін өткен мәжілісте аталған мәселелерге орай жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Аймақ басшысы өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын, қоғамдық қауіпсіздікті сақтаудағы, азаматтардың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтудағы жұмысты жүйелі жүргізуді тапсырды.
Жұмыс барысында ақпараттық-түсіндірумен шектелмей, нақты нәтижеге қол жеткізу міндеті қойылды. Сонымен қатар, қылмыс деңгейі өскен бағыттар мен аумақтарға қосымша талдау жүргізіп, алдын алу жағын күшейту керек.
Әсіресе, қоғамдық орындарда жасалатын және отбасылық-тұрмыстық құқықбұзушылықтардың қайталанып, сондай-ақ алкогольдік масаң күйде жасалатын қылмыстың алдын алуға басымдық беру маңызды. Осы ретте «Ішімдіксіз ауыл» бастамасын қолдау, заңсыз алкоголь саудасының жолын кесу, алкогольге тәуелді азаматтарды емдеу және әлеуметтік бейімдеуге баса мән беру қажет.
Айта кету керек, өңірде «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы іс-шаралар тұрақты өткізіліп келеді.
«Заң мен тәртіп»: қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды
1 / 4
Ұқсас материалдар

Астанада қандай инвестициялық жобаларға қолдау көрсетілді
Астана қаласының әкімдігіАшу
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында кітап алаңын ашты
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіАшу
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялады
Қазақстан Республикасының Түрікменбашы қ. КонсулдығыАшу
Астанада мектеп оқушылары арасында қалалық робототехника және STEM чемпионаты өтті
Астана қаласының әкімдігіАшу
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Болгария Республикасындағы Казақстан Республикасының ЕлшілігіАшу
"Қызылорда облысы Шиелі ауданы Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары

⚜️ШИЕЛІДЕ ЫБЫРАЙ ЖАҚАЕВ АТЫНДАҒЫ КҮРІШ ӨСІРУ ТАРИХЫ МУЗЕЙІНІҢ ЖАҢА ЭКСПОЗИЦИЯСЫ АШЫЛДЫ
Қызылорда облысы Шиелі ауданы Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Байсын ауылында «Ерікті ел – Қазақстан» атты салтанатты кеш өтті
Қызылорда облысы Шиелі ауданы Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ ЗОР ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОБАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Қызылорда облысы Шиелі ауданы Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
ШИЕЛІДЕ ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Қызылорда облысы Шиелі ауданы Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Қызылорда облысында Республика күніне орай республикалық Republic Day және Bereke Fest акциялары өтеді
Қызылорда облысы Шиелі ауданы Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу