ШИЕЛІДЕ ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    1 / 6

    Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков тиісті сала басшыларымен бірге Шиелі кентіндегі жол жөндеу жұмыстарының барысын бақылады.

    Қазіргі таңда Шиелі кентінің теріскей бетінде, яғни Шанхай аумағындағы негізгі жолдардың бірі саналатын Шаймерден Бәкіров көшесі күрделі жөндеуден өтуде. Жалпы ұзындығы 1,8 шақырымды құрайтын көше бойында жол жабыны жаңартылуда. Сонымен қатар, жаңа аялдамалар салынып, жаяу жүргіншілер жолдары төселіп, түнгі жарықтандыру шамдары орнатылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

    Жоба аясында Шаймерден Бәкіров көшесінің Нартай Бекежанов көшесімен қиылысында айналмалы жол салу да жоспарланған. Бұл өз кезегінде көлік қозғалысын реттеуге, жол қауіпсіздігін арттыруға және тұрғындар үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға мүмкіндік береді. Аталған жұмыстардың бас мердігері - «УАД» ЖШС.

    Айта кетейік, бұған дейін аудан орталығындағы Қожа Ахмет Ясауи көшесі төрт жолақты болып жаңғыртылған болатын. Бұл жобаны да «УАД» ЖШС жүзеге асырған еді. Көше инфрақұрылымын жаңарту кенттің көркін келтіріп қана қоймай, көлік қатынасының сапасын жақсартуға бағытталған.

    Сонымен қатар, Шиелі кентіндегі Ж. Таспанбетова, Ә. Палымбетова, А. Құнанбаев, С. Кәрімбаев, Б. Тоқбаулин, Т. Жүргенов, Б. Оразов және Досбол датқа көшелерінде күрделі жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, мектептер мен әлеуметтік маңызы бар мекемелердің аумақтарына асфальт төселді.

    Аталған жобалар аясында жол жабындары жаңартылып, белгіленген талаптарға сәйкес асфальт төсеу жұмыстары атқарылуда. Бұл бағыттағы жұмыстарды «Әлем Транс Жол» ЖШС жүргізуде.

    Жол жөндеу жұмыстарының барысын бақылай келе, аудан әкімі жауапты сала басшыларына құрылыс сапасына баса мән беріп, жұмыстардың белгіленген мерзімде әрі талапқа сай орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

    Жол инфрақұрылымын жаңғырту - тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, көлік қозғалысын жақсартуға және ауданымыздың сәулеттік келбетін арттыруға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысы Шиелі ауданы Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары