Қазақстан Республикасы күні мерекесі қарсаңында Новоалександровка ауылында көптен күткен қуанышты оқиға — жаңа балалар спорттық-ойын алаңының салтанатты ашылуы өтті!
Мерекелік шара бүкіл ауыл тұрғындарын біріктірді. Осы қуанышты сәттің куәсі болу үшін шараға ауылдың үлкендері мен балалары жиналды. Жиналғандардың қошеметімен жаңа алаңның ашылу салтанатында лента қиылып, игі істің бастауы белгіленді.
Әсіресе, балалардың қуанышында шек болмады. Енді олардың ойнап, спортпен шұғылданып, достарымен бірге уақыт өткізіп, белсенді демалуына арналған тамаша орын бар. Балалардың шат күлкісі мен қуанышты жүздері бұл сыйлықтың ауылдың кішкентай тұрғындары үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетті.
Мереке аясында футболдан спорттық жарыстар және басқа да қызықты спорттық ойындар ұйымдастырылды. Барлық қонақтар мен қатысушыларға шай ұсынылып, шара жылы әрі достық атмосферада өтті.
«Зенченко и К» КТ-ға және оның бас директоры Геннадий Геннадьевич Зенченкоға Новоалександровка ауылының тұрғындарына осындай бағалы әрі қажетті сыйлық жасағаны үшін шын жүректен зор алғысымызды білдіреміз!
Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында балалардың таза ауада көбірек уақыт өткізуіне, спортпен айналысуына, денсаулығын нығайтуына және белсенді әрі ұйымшыл болып өсуіне мүмкіндік туды. Бұл — жай ғана ойын алаңы емес, балалардың бақытты балалық шағына, өскелең ұрпақтың денсаулығына және ауылымыздың болашағына қосылған үлес.
Осындай игі істер адамдарды біріктіріп, қуаныш сыйлайды және туған ауылымызды одан әрі көркейте түседі.
Жаңа алаң әрдайым балалардың шат күлкісіне, қызықты ойындарына және қуанышты кездесулеріне толы болсын!
Балаларға қамқорлық танытып, ауыл тұрғындарына көңіл бөліп, ауылымыздың дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғысымыз шексіз!









