Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Новоникольск ауылдық округі әкімінің аппараты
"Қызылжар ауданы Новоникольск ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ Новоникольск ауылдық округі әкімінің ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық саладағы қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган болып табылады.
"Қызылжар ауданы Новоникольск ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімдігі мен әкімінің, аудан әкімдігі мен әкімінің нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Жаңалықтар
Дүниежүзілік тазалық күні
«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы шаруа немесе фермер қожалығын не қордағы жерлерден ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру» конкурсын өткізу туралы Хабарлама
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы хабарландыруды
Құжаттар
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың тізбесі
4-қосымша Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар тізбесі «СҚО Қызылжар ауданы Новоникольск ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ № р/с Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ұшыраған лауазым Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қамтитын лауазымдық өкілеттіктер Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері 1 Ауылдық округ әкімі шешімдер қабылдау және ұйымдастырушылық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру құқығының болуы Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану мүмкіндігі - азаматтардың өтініштері мен жолданымдарын қарау кезінде Жеке мүдделілікке немесе мүдделі тараптармен уағдаластық бойынша негізделген шешімдер қабылдау; Ресурстарды (материалдық, еңбек, қаржылық) бөлу кезінде жекелеген тұлғаларға немесе ұйымдарға негізсіз артықшылықтар беру; Өтінімдерді, актілерді, шарттарды, есептерді және басқа да басқару құжаттарын бекіту кезінде объективтілік пен бейтараптылық қағидаттарын бұзу; 2 Іс жүргізу және нотариаттық іс-әрекеттер жөніндегі бас маман Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс Мемлекеттік қызметтер көрсету Қарау мерзімдерін «созу» мүмкіндігі Өтінішті формальды негіздер бойынша қабылдамау, көзделмеген құжаттарды талап ету, нәтиже беруден заңсыз бас тарту мүмкіндігі 3 Бас маман бухгалтер Бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, мүлікке билік ету, есепке алу және есептілік Бюджет қаражатына қажеттілікті асыра көрсету мүмкіндігі; сатып алуды жоспарлау кезіндегі айла-шарғылар (талаптарды ыңғайластыру, бәсекелестікті шектеу, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жалған қабылдау); бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану; бұрмалайтын есептілікті қалыптастыру 4 Әскери есеп және салық жинау жөніндегі бас маман Әскери міндеттілермен және әскерге шақырылушылармен тіркеу және шақыру бойынша жұмыс Жекелеген тұлғалардың (мысалы, әскерге шақырылушылардың) мүддесі үшін деректерді жасыру немесе бұрмалау мүмкіндігі. 5 Ауыл шаруашылығы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бас маман Ақпаратты, статистикалық есептілікті қалыптастыру және дайындау Ақпаратты жасыру немесе бұрмалау мүмкіндігі Новоникольск ауылдық округінің әкімі Қ.Жұмағұлов
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Новоникольск ауылдық округі әкімі аппаратының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Новоникольск ауылдық округі әкімі аппаратының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚАНЫҚТАМА Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Новоникольск ауылдық округі әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Новоникольск ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 08 маусымдағы №17-ө «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Новоникольск ауылдық округі әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімі негізінде «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Новоникольск ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Аппарат) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Талданатын кезең: 2025 жылғы 01 маусымнан 2026 жылғы 01 маусымға дейін. Талдау жүргізу кезеңі (талдау жүргізілген жұмыс күндерінің саны): 2026 жылғы 15 маусымнан 26 маусымға дейінгі аралықта 10 жұмыс күні. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Новоникольск ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 08 маусымдағы №17-ө өкімімен құрылған жұмыс тобы келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізді: 1) аппараттың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; 2) аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің мәні – Аппараттың барлық қызмет салаларына қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, сондай-ақ персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызметтер көрсету, бақылау-қадағалау қызметін жүзеге асыру және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет барысында туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау болып табылады. Аппарат Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті, аудандық бюджет есебінен ұсталатын және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Новоникольск ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері. Аппараттағы нормативтік құқықтық актілерге жүргізілген талдау нәтижелері бойынша бөлімнің лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешімдер қабылдауына ықпал ететін, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру барысында кедергілер туғызатын, нормативтік құқықтық актілерді еркін түсіндіруге мүмкіндік беретін құқықтық олқылықтарға жол беретін ережелер анықталған жоқ. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері. Аппарат ауылдық округ әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік мекеме болып табылады. Аппарат ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша коммуналдық мемлекеттік мекеме болып табылатын заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліндегі атауы көрсетілген мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар. «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Новоникольск ауылдық округі әкімі аппараты» КММ құрылымы (Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Новоникольск ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 09 желтоқсандағы №22-ө өкімімен бекітілген). Аппараттың құрылымына мыналар кіреді: Ауылдық округ әкімі – 1 бірлік; Іс жүргізу және нотариаттық іс-әрекеттер бойынша бас маман – 1 бірлік; Бас маман-бухгалтер – 1 бірлік; Әскери есепке алу және салық жинау бойынша бас маман – 1 бірлік; Ауыл шаруашылығы және әлеуметтік мәселелер бойынша бас маман – 1 бірлік; БАРЛЫҒЫ: 5 бірлік. Аппараттың құрылтай құжаты – 2025 жылғы 17 маусымдағы №172 Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген Ереже болып табылады. «Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша төмендегілердің болуы анықталған жоқ: -мүдделер қақтығысы; -жұмысқа қабылданған қызметкерлердің басшымен аффилиирленуі; -мемлекеттік сатып алуларды өткізу, бос әкімшілік лауазымға орналасуға конкурстар өткізу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде, сондай-ақ бөлім қызметіне қатысты өзге де әрекеттер барысында лауазымды тұлғалардың аффилиирленуі; -жақын туыстардың, жұбайлардың және жекжаттардың бірлесіп жұмыс істеуі; -қолданыстағы заңнамада лауазымды тұлғалар үшін белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдардың бұзылуы. Мемлекеттік қызметшілер арасында жақын туыстарды жұмысқа қабылдау жағдайлары анықталған жоқ. Азаматтық қызметшілердің және еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін қызметкерлердің жеке істері зерделенді. 2.1. 2025 жылғы 01 маусымнан 2026 жылғы 01 маусымға дейінгі кезеңдегі кадрлардың ауысуы: Жұмыстан босатылғандар саны – 1. Қабылданғандар саны – 1. Жұмыстан босату себебі – зейнеткерлікке шығу. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде бос жұмыс орындары болған жоқ. 2.2.Тәртіптік практикаға мониторинг жүргізу барысында тексерілетін кезең ішінде Аппарат қызметкерлеріне бір тәртіптік жаза қолданылғаны анықталды. Атап айтқанда, 2025 жылғы 25 маусымдағы №15-ө өкіммен іс жүргізу және нотариаттық іс-әрекеттер бойынша бас маман Михайлюк Тамара Бейбитовнаға лауазымдық міндеттерін орындамағаны үшін ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған. Тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау және қолданылған жазаның қатаңдығы бойынша сәйкессіздік фактілері анықталған жоқ. 2.3.Көрсетілген кезең ішінде Аппараттың құрылымы өзгерген жоқ. Аппарат туралы ереже Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 17 маусымдағы №172 қаулысымен бекітілген. Аппарат қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтары Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Новоникольск ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 09 желтоқсандағы №22-ө «Лауазымдық нұсқаулықтарды бекіту туралы» өкімімен бекітілген. Аппарат туралы ережеде және Аппарат қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарында міндеттер мен құқықтарды тиісінше айқындамау фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер 2.4.Аппарат 6 мемлекеттік қызмет көрсетеді: «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»; «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»; «Мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттық (аукциондар) өткізуді талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу»; «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп төлеу арқылы сату»; «Жер учаскесін алуға кезекке қою»; «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту». Талданатын кезең ішінде 14 мемлекеттік қызмет көрсетілді: 7 – Мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттық (аукциондар) өткізуді талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу; 3 – Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру; 3 – Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру; 1 – Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп төлеу арқылы сату. Қызметтер «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі, АРМ ЕГКН арқылы көрсетілді. Бұл көрсетілетін қызметті алушының қызмет көрсетушімен тікелей байланысын болдырмайды, сол арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді. 2.5.Мемлекеттік қызметтер көрсету барысында құқықтық қайшылықтар анықталған жоқ. 2.6.Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер және мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша құжаттар зерделенді. Мемлекеттік сатып алулар 2.7. Тексерілетін кезең ішінде 2025 жылғы 01 мамырдан 2026 жылғы 30 сәуірге дейінгі аралықта мемлекеттік сатып алуларға талдау жүргізілді. Жалпы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша 30 шарт жасалды: бір көзден алу тәсілімен тікелей шарт жасасу арқылы – 13 шарт, жалпы сомасы 18 027 597,99 теңге; өткізілмеген мемлекеттік сатып алулар бойынша бір көзден алу тәсілімен – 10 шарт, жалпы сомасы 1 904 864,72 теңге; бағалық ұсыныстарға сұрау салу тәсілімен – 5 шарт, жалпы сомасы 448 180 теңге; ашық конкурс тәсілімен – 2 шарт, жалпы сомасы 639 887,99 теңге. Мемлекеттік сатып алу жоспарын зерделеу барысында округ аппараты мемлекеттік сатып алуларды басым түрде бір көзден алу тәсілімен тікелей шарт жасасу арқылы (монополистермен), сондай-ақ өткізілмеген сатып алулар бойынша және бағалық ұсыныстарға сұрау салу тәсілдерімен жүзеге асыратыны анықталды. 2.8.Негізгі қызмет бойынша өкімдерге қосымшалардың болмау фактілері анықталған жоқ. 2.9. Новоникольск ауылдық округі әкімі аппаратының сайтында 2025 жылғы 01 мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Мемлекеттік сатып алулар» бөлімінде өткізілген мемлекеттік сатып алулар туралы ақпарат (қорытындылар, хаттамалар және т.б.) орналастырылмаған. Ұсыныс:Бір көзден алу тәсілімен (монополистермен) жасалатын шарттар санын азайту, мемлекеттік сатып алуларды бір көзден алу тәсілімен өткізу қажеттілігін талдау. Бір ғана жеткізушімен мемлекеттік сатып алуларды жүргізу кезінде ашықтықты қамтамасыз ету бойынша бақылауды күшейту (ұсынымды іске асыру мерзімі: тұрақты). Бағалық ұсыныстарға сұрау салу және ашық конкурс тәсілдерімен өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың саны мен сомаларын арттыру (іске асыру мерзімі: тұрақты). Мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпаратты орналастыру. Ауылдық округ әкімінің сайтында мемлекеттік сатып алулар бойынша ақпаратты, атап айтқанда жылдық жоспарларды, шарттарды, қорытынды хаттамаларды орналастыру. Новоникольск ауылдықокругі әкімі__________Қ.Жұмағұлов