4-қосымша
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізу жөніндегі
әдістемелік ұсынымдарға
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша
айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар тізбесі
«СҚО Қызылжар ауданы Новоникольск ауылдық округі
әкімінің аппараты» КММ
№ р/с |
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ұшыраған лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қамтитын лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
1 |
Ауылдық округ әкімі |
шешімдер қабылдау және ұйымдастырушылық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру құқығының болуы |
Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану мүмкіндігі - азаматтардың өтініштері мен жолданымдарын қарау кезінде Жеке мүдделілікке немесе мүдделі тараптармен уағдаластық бойынша негізделген шешімдер қабылдау; Ресурстарды (материалдық, еңбек, қаржылық) бөлу кезінде жекелеген тұлғаларға немесе ұйымдарға негізсіз артықшылықтар беру; Өтінімдерді, актілерді, шарттарды, есептерді және басқа да басқару құжаттарын бекіту кезінде объективтілік пен бейтараптылық қағидаттарын бұзу; |
2 |
Іс жүргізу және нотариаттық іс-әрекеттер жөніндегі бас маман |
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс Мемлекеттік қызметтер көрсету |
Қарау мерзімдерін «созу» мүмкіндігі Өтінішті формальды негіздер бойынша қабылдамау, көзделмеген құжаттарды талап ету, нәтиже беруден заңсыз бас тарту мүмкіндігі |
3 |
Бас маман бухгалтер |
Бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, мүлікке билік ету, есепке алу және есептілік |
Бюджет қаражатына қажеттілікті асыра көрсету мүмкіндігі; сатып алуды жоспарлау кезіндегі айла-шарғылар (талаптарды ыңғайластыру, бәсекелестікті шектеу, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жалған қабылдау); бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану; бұрмалайтын есептілікті қалыптастыру |
4 |
Әскери есеп және салық жинау жөніндегі бас маман |
Әскери міндеттілермен және әскерге шақырылушылармен тіркеу және шақыру бойынша жұмыс |
Жекелеген тұлғалардың (мысалы, әскерге шақырылушылардың) мүддесі үшін деректерді жасыру немесе бұрмалау мүмкіндігі. |
5 |
Ауыл шаруашылығы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бас маман |
Ақпаратты, статистикалық есептілікті қалыптастыру және дайындау |
Ақпаратты жасыру немесе бұрмалау мүмкіндігі |
Новоникольск ауылдық округінің
әкімі Қ.Жұмағұлов