Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Новоникольск ауылдық округі әкімінің аппараты·Жаңалықтар мұрағаты

Қарттарды қолдау айлығы аясында округіміздегі ұйымдардың басшылары жалғыз тұратын зейнеткерлердің үйлеріне барып, оларға азық-түлік пакеттерін табыстады.
Жыл сайын «Зенченко и К» КТ тарапынан қолдау көрсетіліп келеді. Биыл да округіміздегі барлық зейнеткерлерге ақшалай конверттер табысталды.
Қарт адамдар үшін мұндай кездесулер тек материалдық көмек қана емес. Бұл — олардың қамқорлық пен көңіл бөлуді сезінуіне, әңгімелесіп, өздерінің ұмыт қалмағанын білуіне мүмкіндік.
Осындай игі істерге атсалысып, аға буын өкілдерінің өмірін сәл де болса жылы әрі жайлы етуге үлес қосып жүрген баршаңызға алғысымызды білдіреміз!
Қарттарға деген мейірімділік, көңіл бөлу және құрмет әрдайым округіміздің жақсы дәстүрі болып қала берсін.







