
1 қазан күні Новоникольск ауылдық мәдениет үйінде Қарттар күніне арналған мерекелік концерт өтті.
Бұл күні өмірлік және еңбек жолы мол, бай тәжірибесі мен өнегесі бар аға буын өкілдеріне құрмет көрсетілді. Биыл зейнеткерлікке шыққан азаматтарға ерекше көңіл бөлініп, оларға жылы лебіздер мен алғыс сөздер айтылды.
Мерекелік бағдарлама әсем әндерге, көтеріңкі көңіл күйге және жылы тілектерге толы болды. Сахнадан жүрекжарды әндер шырқалып, көрермендер назарына әсерлі би нөмірлері ұсынылды. Сондай-ақ бөбекжай тәрбиеленушілері де өздерінің жылы лебіздері мен құттықтауларын арнап, көрермендерге ерекше әсерлі сәттер сыйлады.
Барша аға буын өкілдеріне зор денсаулық, жан жылуын, бақ-береке, жақындарының ықыласы мен қамқорлығын және өмірлерінде қуанышты да жарқын күндердің көп болуын тілейміз!








