2026 жылғы 28 қазанда Департамент ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңдегі өзекті міндеттері» атты Жолдауының тікелей эфирдегі трансляциясын тыңдады.
Мемлекет басшысының Жолдауында еліміздің одан әрі дамуының негізгі бағдарлары мен мемлекеттік органдардың алдында тұрған міндеттер айқындалған.
Департамент ұжымы үшін халықты әлеуметтік қорғау, азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мәселелері ерекше маңызға ие.
Жолдаумен танысу қорытындысы бойынша қызметкерлер мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын іске асыруда жүйелі әрі жауапты жұмыстың, сондай-ақ азаматтардың мүддесі үшін қызметті одан әрі жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.









