«2026 жылға арналған тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялардың нормаларын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2026 жылғы 15 мамырдағы № А-5/202 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Ақмола облысы әкімдігі қаулысының жобасына баспасөз хабарлама

    Ақмола облысы әкімдігінің аталған қаулысының жобасын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы
    № 107 бұйрығымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 64-тармағына сәйкес Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы әзірледі.

    Жоба 2026 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) тізбесі мен субсидиялар нормаларына толықтырулар енгізуді көздейді. Жобамен толығырақ «Ашық НҚА» порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15933959 сілтемесі бойынша танысуға болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" жаңалықтары